«Бір жұтым қымыз» һәм қылаң дүние...

«Бір жұтым қымыз» һәм қылаң дүние...

«Бір жұтым қымыз» һәм қылаң дүние...
ашық дереккөзі
1454

Өмірдің соңғы сәті – шөл қысқан жан­ның арпалысы дерлік. Әйгілі жазу­шы, түрколог, ғалым Қаржаубай Сарт­қо­жаның ертеректе, бозбала шағында кес­те­ленген керемет әңгімесі – «Бір жұтым қы­мыз». Шыбын жаны шырқырап, хал үс­тін­де жатқан Бибісара әжейдің ең соңғы аң­сары осы әңгімеге арқау болған. Әңгіменің өрі­мі – өмірдің таусылуы мен бітер уақыттың үз­­­діксіз қинауы, ажалмен арпалысы, жан тә­сілім етер алдындағы жағаласу, аңсау се­кіл­ді түрлі ішкі пси­хологиялық қай­шы­лық­тар­ды шебер салғас­тыру­дан басталады. Ма­ман­дығы – әдебиетші, кәсібі – түр­колог, тауы­риһатшы, ежелгі кеңісі кең, есе кеуіл ең­беккер Қаржаубайдың өмірге деген өзіндік жұм­­бағы секілді тосын бір кредосы осы әңгі­ме ар­қылы ашылады. Өкінішті күйде өмірден өтіп бара жатқан жан егесінің жанарынан жа­қындап, алыс­тап, ағарған, қарайған елес­тер – шайтан сәу­лені «сөйлетеді»... Ең бас­ты­сы, шығармада жа­ның­ды қинап отырып оқы­латын жадтексі бар. Өмірдің соңғы сәті – шөл қысқан жан­ның арпалысы дерлік. Әйгілі жазу­шы, түрколог, ғалым Қаржаубай Сарт­қо­жаның ертеректе, бозбала шағында кес­те­ленген керемет әңгімесі – «Бір жұтым қы­мыз». Шыбын жаны шырқырап, хал үс­тін­де жатқан Бибісара әжейдің ең соңғы аң­сары осы әңгімеге арқау болған. Әңгіменің өрі­мі – өмірдің таусылуы мен бітер уақыттың үз­­­діксіз қинауы, ажалмен арпалысы, жан тә­сілім етер алдындағы жағаласу, аңсау се­кіл­ді түрлі ішкі психологиялық қай­шы­лық­тар­ды шебер салғастырудан басталады. Ма­ман­дығы – әдебиетші, кәсібі – түрколог, тауы­риһатшы, ежелгі кеңісі кең, есе кеуіл ең­беккер Қаржаубайдың өмірге деген өзіндік жұм­бағы секілді тосын бір кредосы осы әңгі­ме арқылы ашылады. Өкінішті күйде өмірден өтіп бара жатқан жан егесінің жанарынан жа­қындап, алыстап, ағарған, қарайған елес­тер – шайтан сәулені «сөйлетеді»... Ең бас­ты­сы, шығармада жаныңды қинап отырып оқы­латын жадтексі бар. Суреткер, хаһи жан дү­ниесінің қимайтын сәулесі – қылаң үмітке жіп­сіз байланған жұпсыз тағдырды: тым-ты­рыс, табиғи тылсым көмескі, өшкін-өшкін ақ-қара бояуларды қайта-қайта өңдейді, әр­лейді. «Бір жұтым қымыз» – қып-қысқа виз­­­уалды әңгіме. Айбүбі немересінің әже­сі­не деген ай дидары мен ниеті оның қалаған – уақыты, көргенсіз келіннің кеспіріндегі адам­көргісіз зілі – нілі оңған шұғадай уақыт­тың екінші жағындағы жалған бедер. Адам­ның өмірде көргенінің түгелі – өткендердің түп негізінен тараған мифологиялық жан ми­расы немесе жазмыштың үлесі деген пайым­ды қузайды. Тіпті, өткен өмірдің қия­меттеріне үйренісуінің кәдімгі типтік кәдесі болуы мүмкін дегенге де тіреледі. Әңгімедегі кейуананың жалғыз ұлы, санасыз Бек­ми­рас­тың жұп-жұмыр сомдалған образындағы кейде эпизодтық сүрені сергек, кейде тіпті мүл­дем күңгірт кейіптеулері оқырманды ой­ландыра түседі, әрі біртүрлі құсалан­дыра­ды да. Түрік жазушысы Азра Кохеннің (бүр­кен­шік есімі – Акилах) «...біз бұ дүниеге үй­ре­нісу үшін келдік...» деген аталы пайымына өте ұқсас. Өмірдің ең ақырғы ғұмырбақилық өт­келіне келіп тірелген кейуананың түңілуі мен аянышты кейпінің сұлба-сүрлеуін көре­міз. Автор Бибісара кейуананың өтпелі тағ­дыр­ға шарасыз мойынұсынуын жұмсақ гу­ма­нистік ұтымды ұғымды сюжетке енгізу ар­қылы шебер өреді.

АйБүбі – Данаё

Кезінде Би-ана атанған ғажайып ана еді... Енді денін шырмаған дерттің әле­гі – шайтан сәуленің құшағында, өз кө­лең­кесінен шаршаған арық тәнімен бүркеп, бүк түсіп жатыр... Үмітінен гөрі науқасты мең­­­­деткен ішкі үрейлі күдігі, түнере түсіп, тү­ріп келе жатқан түңілісі әурелейді. Уақыт­тың ұшында қылаңдап қайтып бара жатқан сол құс дәуренімен үнсіз сырласатын секілді сырқат? Үміттің алдында күдік жүре ме, әлде ке­рісінше ме?! Бұрынғы бұрымды қыз, бүгінгі нау­қас кейуананың мына сұрқы аңыз сияқ­ты. Осынау бір сәттік сұлба, қырағы оқыр­ман­ды нидерландтық ұлы суретші Рембрандт Хар­менсзун ван Рийн (Rembrandt Harmenszoon van Rijn1660-1669) салған — аңыздағы әке­сінің қолынан қаза болған бейкүнә қыз­дың бейнесіне қарай жетелейтіні ләзім... Бей­күнә періште қыз Данаё – бұл әңгімедегі бірін­ші абзацта тұрған сюжет – әжесіне су­сын (атаукересі болуы мүмкін – РС.) ұсынған Айбүбі қыздың пәк суретіне дәл ұқсас. Бір керемет метафизикалық драманың хаһи кейпі көрінеді мұнда. Өткен шақ пен келер шақ­тың дәл түйісінде – кәрі әже-ғұмыр мен жас немеренің ең соңғы бірге түскен суреті сы­зылған. Жазушы шегініс пен алға ұм­ты­лыс­тың нәзік тетігін сиқырлы түрмен сәтті кон­­текстейді. Ақылды немересі Айбүбі мен арап­шы келіні Мәрияның әрекетін оқы­ған­нан кейін аңыздағы Данаё тағылы­мының барлық байыбын барлауға болатындай. Жазу­шы, бұл өмірде «көлеңкесіз жан болмай­ты­нын...» еске салумен қатар, қатты қиналып жат­қан кейуананың өлімші халі мен жан күй­зелісін бір жұтым нәрді аңсауымен орап ұсы­нады. Оның жұмбақтап, ой тастап ай­тайын дегені – мәңгілік мейірім, мәңгілік қа­сіреттің, күйзелістің бәрі де бір жұтым нәр­де ғана екенін зорайтып көрсету болған сыңайда. Үстірттеп әсірелемей, әсілі дұрыс кері­леген үлкен ғибратты келісімді ойлар тү­зіледі әрине. Мінеки... – Тастай батып, судай сiңiп қайда кеттiң? Сен де өлмелi кемпiрмен бірге өлейін деп отыр­мысың? Төргі бөлмеден шәңкілдей шық­қан бұл сөз бiр аяғы жерде, бiр аяғы көр­де жатқан шүйкедей кемпірді қасқа маң­дайдан қақ салып өткендей болды да, ар­тын­ша қыстығып жылап жіберді. – Апырым–ай, ит өлiм–ай! Жанымды қинамай ала сал­саң­шы! – деп шын пейiлмен жалына, жалбарына кү­бірледі. Келініне деген өкпесі қара қазан­дай болып, Тәңірге жалбарынды. Сосын бір мезет қалаға келгеніне өкiндi. Жас шылаған көзін ашып еді, қабырғада ілулі тұрған ша­лы­ның суретін көрді. Қабағы қатыңқы, бетін бе­рі бұрмастан көзiнiң қиығымен немқұрай­лы ғана қарап тұрғандай... ...Маңдайынан шып-шып тер шықты. «Жасаған-ай, кімнің қарғысына қалды екенмiн?!»

Үш суреттегі – үш сауал

Кейуана қарсы қабырғадағы кергіште ілулі тұрған шалының ескі суреті мен ке­ліні Мәрияның жап-жас кезіндегі әдеміше кес­кініне алма кезек жалбарынған жанарын қа­дап қарай береді. Біріншісі, өзінің жары – өмірден өткеніне сегіз жыл болған жолдасы. Екіншісі – жалғызының жары Бекмирастың Құдай қосқан қосағы – өз келіні! Шалынан қал­ған жып-жылы ұясының біртүрлі суық мо­лаға айналып кеткеніне өкінсе де жал­ғызы үшін өз ойына да тым иланғысы да кел­мейді. Сұңғақ бойлы шалының бітім- бол­мысына жаутаңдап қараған сайын көзі­нің сынық сүлдері өзінің бүткіл мұңы мен зарын қозғайды. Кереуетте шалқалап шара­сыз жатқан құр сүлдері, көзінен бұлбұл ұш­­қан өмірлік жарының сөлсіз өлі суреті, жал­ғ­ыз ұлының жары – келінінің суық жүзі, кек­шіл бітім-бейнесі. Үш бұрышты кеңістегі сұрықсыз ғұмырдың үшеуінде де үш сұрақ тұр. Ешқашан жауабы табылмайтын, тіпті мүл­демге құпия, бір-бірімен бірікпейтін парал­лельді сауал! Саңылаусыз сауалдан ғана тұра­тын сұм жалғанның жауапқа қырсыз сауап­сыз жаңғырығы ғана жақын...

Он бірінші қаламұштағы – бейсана Қаржаубай Сартқожаұлының сонау 1972 жы­лы жазылып, 1973 жылы тасқа басылған «Бір жұтым қымыз» әңгімесінің өзегі өрттей өңге һәм жаңашыл-ды. Ол мүлдем өзгеше күр­делі стилистикалық сұлбаларға қарай да қа­лам тартады. Оңды-солды он бірінші қа­ламұш­пен сүйкей салған бірсыдырғы оңай­лау шимайы емес, ол – аламан абсурдтардан құрас­тырылған сан түрлі пайымның саф реңк­ті парадигмалары да жұққан біртүрлі жаз­ба. Жетпісінші жылдардағы соцреалистік қа­саң жүйеде жүріп, дәл мұндай әңгіме жазу мүм­кіндігі кімнің ойына енеді?! Жан-жақ­тың түгелі тұмшаланған қып-қызыл идео­ло­гиялық құрсаулы құрылғылар жиі бақы­лап, ми айнала алмайтын тап-тар шеңберлер тұрғанда? Таланттың бәрі кемел Толстой да, кере­мет Набоков та емес қой! Қаржаубай аға да өте жас бозбала шағында осынау бейса­на­мен (unconscious) «ауыра бастағанын» біл­­­­месе керек. Браво!

Дүниеқұрдымдық сана – контексте

Еуразияда қысқа әңгімелері мен роман­дары арқылы әлемге аса танымал тү­рік жазушысы Хасан Али Топташтың – «Өлі заманның кезбелері» (Өлү заман гез­гин­лери), «Көлеңкесіздер» (Gölgesizler), туын­дыларын тауып оқыған кезде соның күш­ті әсерінен қаншама тәулік бойы, күлгін күн­дерде ой құсаланып тыныштала алмаған едік. Бүкіл атмосфераны бүрістіріп әкеліп қақ төбеңнен ұрып өткендей әсерде жүр­ген­біз. Адам ғұмырының аяқталуға жақын қал­ған тұсындағы оптимистік құлаудың кө­рінісі дәл осы «Бір жұтым қымыздағыдай» төгілсе шіркін! Боп-боз әлемдегі бір – кеңіс, екі – бостан ой, сана, үшінші көздің үшбу алаңы – «Бір жұтым қымызда» осылай туған, ашыл­ған. Ақиесі туындының ішкі мотива­ция­сы – тағдыры жаналқымға түскен мұң­лық­тың түпкі сырларын түсіндіруге онша құл­шынбайды. Осының өзі (форма мен маз­мұнның да үйлеспейтін жағы – Р.С.) – пси­хикалық бейнелеудің формасы ретінде шы­ғарманың өзіндік маңызын аша түсетін се­кілді. Өлім аузындағы кейуанаға деген ішкі өш­тігінің шын сырын, адуын келіннің ашу­лы күңкілінен толық ұғуға болатындай. Ая­дай бөлменің аурасын бүлдіріп жіберетін осы­нау дүниеқұрдымдық контексте кеселдің бәрі-бәрі мәлімделеді.

Бір жұтым қымыз – аңсар

Меніңше, әңгіменің түпкі түйіні: тү­неріп бүркеп келе жатқан мейірім­сіз­дік дерттен құтқаруды уағыздау немесе оны оқырманға ұғындыруға бағыттал­ған­дығында. Жан дүниенің жабырқап өлуі, түй­­сік көзінің сөнуі, қарапайым ақиқат­тардың тұйыққа тірелуі, ішкі сезімнің күй­реуі, санасыздықтың бағзы ұстанымдарды бұзған құйтырқы қылықтарды бей көркем хикаяттық талғауға жақын тәсілдермен көр­сете білген – сюрреализм (surréalisme) ны­ша­ны еді бұл. Ажалмен арпалысып жанта­ла­сып жатқан жанның жан аңсары! Қымыз­дың кеңсірікке жеткен еңкіл иісі... Тұман­данған көз алдында абажадай мейіз сабаның аузынан асып-төгіліп, ысқырып тұнған қы­мыз­дың елесі... Жер бетінде жыбырлап жүре­тін уақыты біткенін кейуананың өзі іштей се­зінуі... Демі жиілеп, кеудесінен шыбыны шық­пай шырқырауы... Тілініп, көгеріп кет­кен еріні шөл басар бірдеңе ішуді аңсауы... Бір жұтым қымыз аңсап жатқан әжесінің ең соңғы жүзін көрген Айбүбінің шошып шың­­­­ғырған дауысы...

Құдайсыз қоғамның сүдіні

Кейуананың өмірінің біржолата түге-сілуі – жалпыадамзаттық масштабтағы құндылыққа есе жетпей, қабыспай қалуы мүм­кін?! Алайда ХХ ғасырдың жетпісінші жы­лындағы жас жазушының отты, энер­гиялы қуаты өрттей өршелене тұтанғаны бел­гілі. Осыдан соң шет жүрген таланттың саналы түрде боздап жүретін сәруәр үнді ізденімпаз болғанын қалай жасыруға болады!? Қаржаубай Сартқожаұлы Құдайы жоқ қоғамда өссе де, көр қазып, тас бітіктеп жүріп, түріктанудан ғылыми тарихи бест­сел­лерлік сипаттағы ірі көлемді моногра­фия­лық еңбектер жазумен қатар, «Қош бол апа!», «Қыран тағдыры», «Бір жұтым қымыз» сияқ­ты жінтікті көркем повесть, әңгімелерін оқырманға ұсынған-ды. Сол бір кезеңде Бесқалада туған белгілі де бедерлі, көкірегіне бозторғай ұялаған ұлт ақыны Есенғали Рау­шановтың «Бәлшен кемпір» атты бір қыс­қа өлеңі де жарияланғаны есімізде: «...Бұрын­ғы­дай жадырап тұр көктем кеп, сағым жүзді Бес­төбені бөктерлеп. ...Бәлшен кемпір қай­тыс болды сол жылы, айтарлықтай өзге еш­­­­­теңе өткен жоқ...». Есенғалидың осы өлеңі се­кілді – Қаржаубай аға да – «Бір жұтым қы­мыз» әңгімесі арқылы бәрін айтқысы кел­ді. Бірақ бүкілін ашып айтпады... Айтуға тиіс­ті бейсаналар түренінің түгін қоймай түген­демегеннің өзінде, біршама мәселенің шиін шығарып тастағанын ішкі ойымызбен оқып, мұңайып отырдық. Өңін өмір атты сұм жалған мүлде өшіріп, өзгертіп жіберген, өз тамырынан үзіліп өңге дүниеге қарай: – өңеш­ті өзегіне бір жұтым қымыз өтпестен, өте өкінішпен Бессаланың бөктерінде Би­бісара кемпір де өлді. Өзге ештеңе өзгерген жоқ. Өмір өтіп жатты!

Бұл не сонда?!

Ғұмырдың нәрі – бір жұтым қымыз сияқ­ты да оның бірегей бояуы шынайы хро­местезиясында! Жазушының өрімдей жас ша­ғындағы осы әңгімесі – форма жағынан – новелла, эссе, хикаяттардың жаңаша түре­ні секілді бізге ерекше сезілген-ді... Иә... Өңгеше!

Сұраған РАХМЕТҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары