Атақты ресейлік бапкер Михаил Шайдоровтың жеңісіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

/
Атақты ресейлік бапкер Михаил Шайдоровтың жеңісіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Коллаж: turkystan.kz

Аты аңызға айналған бапкер, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың жеңісіне қуанышты екенін білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz matchtv.ru-ға сілтеме жасап.

Белгілі бапкер спортшының секіру техникасын жоғары бағалады.

«Мен Шайдоров үшін және оның бапкері үшін өте қуаныштымын. Талантты жігіт Олимпиада ойындарын жеңіп алды. Ол өте таза секірді, техникалық бағасы да өте жоғары болды», – деді Татьяна Тарасова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары