Актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желіде өзінің видеосын жариялап, мәлімдеме жасаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алайда актер бейнежазбаның айдарына "Маңызды мәлімдеме" деп жазғанымен, мұның жай ғана хабарландыру екенін жазбадан түсінуге болады.
"Естеріңізді болса, өткенде киномыздың басты рөлін сомдайтын актер мен актриса жөнінде мәлімдеме жасаймын деп айтқанмын. Бүгін соны ататын сәт келді. Командамызбен ақылдаса келе, басты рөлдегі актер мен актрисаға кастинг жасаймыз деп отырмыз. Әрине, ол Қазақстанның ірі-ірі қалаларында болады. Еліміздің түкпір-түкпірінде талантты ұл-қыздарымыз өте көп деп сенемін. Неге сол таланттардың бағын ашпасқа деп шештік", - деді Дархан Мұсаев.