Әмин Тұяқов 80 жасқа келді

Әмин Тұяқов 80 жасқа келді

Әмин Тұяқов 80 жасқа келді
ашық дереккөзі
1391
1960 жылдары жүгіруден алдына жан салмаған желаяқ, қазақтың даңқты спортшысы Әмин Тұяқов 80 жасқа толды, - деп xабарлайды 24.kz арнасы. Әлемдік рекордтарды сан мәрте ауыздықтаған ардагер спортшының есімін  ел-жұрт жадынан шығарған емес. Шашасына шаң жұқпаған желаяқ 60-жылдары күллі әлемді аузына қаратты. 100 және 200 метрлік қашықтықта КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы атанған Әмин Тұяқов «Ғасыр бәйгесі» атанған Америка мен КСРО спортшыларының жарысында да төрт аяғын төске ұрған тұлпардай оза шапқан болатын. "Егер де мен Борис Сергеевич Токаревтің қолына түспесем, онда басқаша болуы мүмкін еді. Спортшының үлкен нәтижелерге жетуі тек қана өзіне байланысты екіншіден бапкеріне де байланысты",-дейді ардагер спортшы. Әмин Тұяқов бір кездері ұлттық құрама тізгінін ұстап, талай тұлпарларды тай күнінде танып топқа қоса білді. Солардың бірі – Ольга Шишигина. Тек Қосанов пен өзінің ізін басар қара көздерді шығара алмағанына қынжылады демесеңіз, Әмин Тұяқов талай бұлақтың көзін ашты. "Ағаң спортта жүргенде спортқа дұрыс көңіл бөлінген жоқ. Ол кезде ешқандай ауруына да қараған жоқ. Қазіргі спортшалыр бақытты ғой. Қазіргі кезде аяғын жерге тигізбей көтеріп алып кетеді. Ал бұл кісі ауылға барарға машина таба алмай, самосвалмен барған Токио Олимпиадасынан кейін",- дейді спортшының жары Алма Досымбаева. Саналы ғұмырын спортқа сарп еткен саңлақ спортшы әлі де арманының көп екенін айтады. "Арман көп. Енді мен спорттың арқасында адам болғаннан кейін әрине айтасың, келешекте біздің ізімізді басар олимпиадалық ойындарды көрсететін жігіттер көп болса екен деп. Ал жеке өзімнің қара басыма келетін болсам. Балаларым жұмыс жасап жатыр. Солар аман болып, немерелерім аман болып, осылардың өмірдегі болып жатқан тіршіліктеріне қатынасып, біздің қоғамға бір ішіне кірісіп, жұмыс жасаса екен деп ойлаймын",-дейді спортшы.

Серіктес жаңалықтары