Майра Мұхамедқызы театрда ең жоғары айлық алатынын айтты (ВИДЕО)

Майра Мұхамедқызы театрда ең жоғары айлық алатынын айтты (ВИДЕО)

Майра Мұхамедқызы театрда ең жоғары айлық алатынын айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Опера әншісі, Шымкент опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы театрда ең жоғары айлық алатынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz. Әнші Астанада жүргенде қазіргі кезден көбірек табыс тапқанын айтады.

«Астанада жүргенде филармонияда жұмыс істеймін, Астана опера, «Шабытта» профессормын. Іс-шаралар, тойларым бар. Аз дегенде миллион теңге алатынмын. Театрға келгенде айлығым 140 мың болды. Жарты жылдан бері өсті. Қазір 151 мың. Театр бойынша ең жоғары айлық менікі», - деді Майра Мұхамедқызы Динара Сәтжанға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, театрда ең төменгі жалақыны машистер алады. Олардың айлығы – 50 мың теңге.