Щучинск әкіміне қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр

Щучинск әкіміне қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр

Щучинск әкіміне қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр
ашық дереккөзі

Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов тұрғындарға соңғы жарты жылда атқарылған жұмыстар туралы айту үшін Instagram-дағы парақшасында тікелей эфирге шықты. Эфир соңында ол тұрғындардың сұрақтарына дөрекі жауап берген, деп хабарлады turkystan.kz.

«Сұрақтарын бір жерлеріне тығып қойсын!» – деп кейістік танытқан Олжас Нұрмағамбетов.

Кейін кеңседен шығып үлгерген ол камераның әлі қосылып тұрғанын түсініп, эфирді өшіре қойған. Әлеуметтік желідегі жұрт әкімнің бұл сөзіне шүйлігіп, оны қатаң сынға алды.

«Бурабай ауданының әкімдігі Щучье қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетовтың халықпен есептік кездесуі барысында аудиториядан сұрақтар түспегенін хабарлайды. Тікелей эфирді өткізген әкімдік қызметкері лауазымды тұлғаның балағат сөздер айтуына жол берілмегенін түсіндірді», - деді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Бурабай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Олжас Нұрмағамбетов осы жағдайға байланысты егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, оның видеосы Бурабай ауданы әкімдігінің ресми парақшасында жарияланды. Қазіргі уақытта қала әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталды.