Келер жылы еліміз толықтай отандық жанармаймен қамтамасыз етіледі

Келер жылы еліміз толықтай отандық жанармаймен қамтамасыз етіледі

Келер жылы еліміз толықтай отандық жанармаймен қамтамасыз етіледі
ашық дереккөзі
262
Қазақстан 2018 жылы жүз пайыз отандық жанармаймен қамтамасыз етілмек, – деп хабарлайды Астана арнасы «Қазмұнайгаз» өңдеу-маркетинг» өкіліне сілтеме жасап. Еліміздегі үш мұнай өндеу зауыты толық жаңғыртудан өткен соң, жанар-жағармай өндіру көлемі 2 миллион тоннаға көбейеді деп жоспарланып отыр. «Қазмұнайгаз» өңдеу маркетинг» өкілінің хабарлауынша, қазіргі уақытта елімізде мұнай өндіру көлемі жыл санап артып келеді. Павлодар мен Атырау зауыттары 2018 жылға қарай әрқайсысы бір жарым миллион тоннаға дейін мұнай өңдейтін болады. Ал Шымкент мұнай өңдеу зауытының көрсеткіші 1,1 миллион тоннаға жетпек. Бұл бензин жетпіспеушілігін жояды деген үміт бар. «Қазмұнайгаз» өңдеу-маркетинг» АҚ бас директорының орынбасары Данияр Сатыбалдин: «Қазір 15 пайыз дизель отыны, 30 пайыз жанармай тапшылығы бар. Көлікке құятын бензиннің 30 пайызын Ресейден аламыз. Мұнай өңдеу зауыттарындағы жаңғыртулар аяқталғаннан кейін бұл мәселе шешіледі», –деп атап өтті.

Серіктес жаңалықтары