6 жасар қызды зорлаған педофильге қатысты үкім шықты

6 жасар қызды зорлаған педофильге қатысты үкім шықты

6 жасар қызды зорлаған педофильге қатысты үкім шықты
ашық дереккөзі
464
Ақтауда 6 жасар қызды зорлаған педофильге қатысты сот үкімі шықты, –  деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Алты жасар Виктория Мининаны зорлап, өлтірген адамға қатысты үкім Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  шығарылып, сотталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Бүлдіршінді азапқа салған азғын төрт бап бойынша айыпталып, соның үшеуі бойынша айыпты деп танылған. Алайда сот үкімі әзірге заңды күшіне еніп үлгермеген. Виктория Мининаның зорлануы және өлімі бойынша алғашқы сот отырысы 18 қаңтар күні Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен еді. Алғашқы сот отырысында күдікті өзіне тағылған айыппен келіспей, ақталып шығатындығына сенімді екендігін жеткізген болатын. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш оқиға 20 тамыз күні Ақтау қаласында орын алған. 6 жасар немересімен жұмысына барған әжесінің қызына қарауға уақыты болмаған. Сөйтіп, баласынан немересін  алып кетуді сұраған. Бірақ 6 жасар қыз әкесі келмей тұрып, жоғалып кеткен. Әуелде бүлдіршінді өздері іздеуге тырысқан туыстары кейіннен полицияға хабар береді. Осылайша, жоғалған 6 жасар Виктория Мининаны іздеуге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған. Осыдан кейін қыз табылып, ауруханаға жеткізіледі. Кейін Астанадағы ауруханаға тасымылданды. Өкінішке қарай, көп азап шеккен кішкентай қыз өткен жылдың 21 қарашасында қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары