Оқушылар жазғы демалыста қандай кітап оқығаны дұрыс

Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мектеп оқушыларының жазғы демалыста оқуына кітаптар тізімін ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

Оқушылар жазғы демалыста қандай кітап оқығаны дұрыс
ашық дереккөзі

Кітаптар тізімі оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген. 1-4 сынып оқушыларына жас шамасына қарай қысқа көлемді ертегілер, қызықты аңыз-әңгімелер, батырлар туралы шығармалар ұсынылды. 5-9 сынып оқушыларының ойлау әрекетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін дамыту, адамгершілік қасиетін қалыптастыруға бағытталған кітаптар тізімі жасалды. 10-11 сыныптарға ұсынылған шығармалар оқушылардың рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін көркем әдебиеттер іріктелді.