Ертай Әбдібеков: Арманымдағы Emporio Armani брендін таныстырғаныма қуаныштымын

Ертай Әбдібеков: Арманымдағы Emporio Armani брендін таныстырғаныма қуаныштымын

Ертай Әбдібеков: Арманымдағы Emporio Armani брендін таныстырғаныма қуаныштымын
ашық дереккөзі

Төрт күн бұрын сән әлемінің астанасы – Ми­ланда өткен сән апталығында дүниежүзін мойын­датқан ірі брендтер көз сүйсіндірер ерекше топ­тамаларын көрерменге паш етті. Әлем асыға кү­тетін олардың коллекцияларын подиумға алып шық­қан модельдердің қатарында біздің отан­дастарымыз да бар. Милан төрінде Ертай Әбдібеков Emporio Armani, Рахат Көшкінбаев Balenciaga, ал Нұрсұлтан Оңдас JW Anderson брендінің киімін көп­ші­лікке таныстырды. Бұл іске Рахат пен Нұрсұл­тан­нан ерте араласқан Ертай модель болуды тіпті де ар­ман­дамағанын, бірақ уақыт өте келе сүйікті ісіне ай­налғанын айтады. Миланнан Парижге оралған Ертайға хабарласып, әңгімелескен едік.

– Ертай, модель болуды бұрыннан мақ­сат тұттың ба? Әлде бәрі кездейсоқ бол­ды ма? – Жоқ, модель болуды армандаған емес­пін. Танымал болуды да мақсат тұтпа­дым. Мен Алматы қаласында тудым, бірақ то­ғыз жа­сымда отбасыммен бірге Ал­ма­ты­ның ше­тін­де орналасқан Қаскелең қаласына кө­шіп кел­дік. Бастапқыда гимназияда, сосын орта мек­тепте білім алдым. «Кім болуды арман­да­дың?» дегіңіз келсе, басында аспаз болғым ке­­летін. Өйткені мен тамақ әзірлегенді ұна­та­мын. Одан кейін ұшқыш болуды арман­да­дым. Бірақ көлікке мінсем басым айналатын болғандықтан, бұл арманымнан бас тартуға тура келді. Қаскелеңде орта мектепті бітірген соң, таңдауым диджитал маркетолог ма­ман­дығына түсіп, Сулейман Демирел атындағы уни­верситеттің экономика факультетіне оқуға түстім. Қазір сонда 3-курста оқимын.  width=– Ал сән индустриясына қалай кел­дің?

– Мектеп бітірген кезде сол уақытта көңіл жарастырып жүрген қызым Алма­ты­да­ғы Bacca models агенттігінің кастингіне қа­­тысып, бағымды сынап көру туралы ұсы­ныс айтты. «Қатыса салайын, бәрібір мені ешкім алмайды» деп немқұрайлы қарап, бара салдым. Кейін агенттік жетекшілері ол кас­тингке жүзге жуық адам қатысқанын, бірақ олардың арасынан мені ғана таңдап алғанын айтты. Басында «шок» болдым. Ата-анам да қат­ты таңғалды. Бірақ бірте-бірте модель болу­ға лайық екенімді түсініп, аталған ин­дустрияға бас сұға бастадым. Мен шетелге шы­ғуды, келісімшарттар жасасуды жуырда ға­на бастадым. Бұл – мен қатысып тұрған екін­ші маусым. Мен сән әлеміндегі алғашқы қа­да­мым Париж қаласынан басталды. Тура бір жыл бұрын онда өткен сән апталығында Alyx Studio мен Amiri брендтерінің көрсе­ті­лі­­­­міне модель ретінде қатысқанмын. Бас­тық­тарымның айтуынша, сол кезде Еуропада бірін­ші рет шоу жасаған қазақ ер адам мен екен­мін. Біздің қыздар ондай үлкен подиумға жиі шығып жүр ғой. Ал ерлерден мен бірінші бас­тадым. Париждегі подиумға шығуым Қа­зақстан моделлингі үшін үлкен жаңалық бол­ды. Оған қатысқан бірінші қазақ бол­ған­дықтан, сол көрсетілім кезінде Қазақстанда мо­дель ісімен айналысатындар мені бақылап отырды десем артық айтпаймын. Негізі, мені ол көрсетілімдерге көп уақыт бойы дайын­дады. Сол үшін уақыт өте келе өз-өзіме сені­мім молая түсті. Осы ретте айта кететін жайт, Анна Лесовая жетекшілік ететін  width=біздің агент­тік бүгінде Қазақстанды, соның ішінде қа­зақ модельдерін танытуға барын салып жа­тыр.

– Иә. Анна сұхбатқа келісу кезінде елде бизнесті нөлден бастағанын, мо­дель бола алатын келбетті қазақтар бар еке­нін әлемге танытқысы келетінін айт­­қан еді.

– Иә. Расында Миланға Қазақстан құра­ма­сы болып ұшып келдік қой (күліп). Ол ап­талыққа қазақтардан менен бөлек, Рахат Көш­кінбаев пен Нұрсұлтан Оңдас қатысты. Ра­хатты елдегі көпшілік білуге тиіс. Өйткені ол туралы біраз ақпарат агенттіктері жарыса жазды. Миланда өткен апталықта мен Emporio Armani-дің екі киім үлгісін таныс­тыр­дым. Рахат Balenciaga брендінің киімін, ал Нұрсұлтан дебют жасап, әлемге әйгілі JW Anderson брендінің киімдерін көрсетті. Біз үшеуіміз де Bacca models агенттігінде жұмыс істейміз. Мен агенттікке бірінші болып жұ­мысқа тұрдым. Рахат қатарымызға былтыр қыс­та, ал Нұрсұлтан жақында қосылды. Ра­сын­да да әлемдік деңгейдегі подуимға шы­ғатын отандастар қатары бірте-бірте кө­­­бейіп жатыр.

– Ата-анаң болашағыңды модель ісі­мен байланыстырамын деген шеші­мің­ді қалай қабылдады?

– Бастапқыда қуанды. Содан соң ке­лі­сім­шарт жасасу кезінде бұл таңдауыма біраз кү­­­дікпен қарады. Елдегі көпшіліктің сән индустриясынан онша хабары жоқ екенін білесіз ғой. Сондықтан олар байыбына жетіп тү­сініп, ақ-қарасын ажыратып алу үшін бірнеше заңгер жалдап, келісімшартты ег­жей-тегжейлі тексерткізді. Кейін бәрі таза, агент­тік өкілдеріне сенім артуға болатынына көз жеткізген соң, райынан қайтып, менің ше­шімімді құптады.

 width= – Кейбіреулер кездейсоқ кастингке қа­тысса да, бұл істі әрмен қарай іліп әке­­те алмай жатады. Ал енді біреуі кіш­­кене күнінен түрлі агенттіктің кас­тин­гіне қатысып, саналы түрде дайын­да­ла­ды. Бұл іс саған бірден ұнады ма? Әлде жүре келе ұнаттың ба?

– Маған әпкем «Сен модель бола аласың. Агент­тікке барып көрсеңші» деп үнемі ай­татын. Екеуіміз бала кезде America's Next Top Model бағдар­ла­масын жиі та­­­машалай­тын­быз. Ол кезде кіш­кен­таймын ғой. Тек әдемілікке қы­зыға­тын­мын. Өсе келе де сән әле­міне ас­қан бір қызығушылық болмады. Бірақ бір жыл бұрын сән әлеміне бір кірген соң, бұл ин­дустрияның сан қырлы, сырға толы еке­нін түсіндім. Қазір бұл іс өзіме қатты ұна­й­ды. Өткен аптада Миланда өткен көрсе­тілім­нен кейін екі езуімді әлі жия алмай жүрмін. Мен туралы жиі жаза бастаған соң, ата-анам, дос-туыс­тарым мақтан тұтатынын айтып, ыс­тық лебіздерін жеткізіп жатыр. Төбеңді көк­­ке жеткізетін мұндай сүйікті ісіңмен ай­­­налысқанға не жетсін! Мысалы, бүгін әлем­­ге спорт киімдерімен танымал Asics брен­­­­­­дінің спорттық аяқкиімін жарнама­лай­тын тү­сірілімге қатысып, жұмыс процесінен ерек­­ше ләззат алып қайттым. Жалпы, көр­се­ті­лімге шығу, суретке түсу бір басқа. Ал кадр сыртындағы жұмыстан алар әсерім тіп­тен бөлек. Қалай айтсам болады екен? Қа­раңыз, ұнағаны сонша, тіпті сөзбен си­паттай ал­май­мын. Түсірілім кезінде фо­тог­раф, мей­ка­пер, стилист, дизайнермен дос­тық қарым-қа­тынас орнатып, жайлы ат­мос­фера орнаған әлем­ге еніп кетесің. Мен мо­дель болғанға дейін сәнді киіне де алмай­тын­мын. Модельдердің көбі солай ғой. Бі­реуін көшеден, біреуін автобустан көріп қа­лып, жұмысқа шақырады. Енді бірі мен се­кілді кастингтен өтеді. Маған сәнді киінуді ме­нен ақылын аямайтын агентім Алекс пен лат­виялық досым үйретті.  width= Em­po­rio Armani көрсетілімі кезінде

– Сән апталығы сайын күллі әлемді таң­ғалдырып жүрген Emporio Armani-дің киім үлгісін көрсетуге қалай шақы­рыл­дың?

– Әлбетте, басында таң-тамаша болдым. Дең­гейі басқа. Атмосферасы өзгеше. Алдымен олар­дың кастингіне қатыстым. Әлгі кас­тинг­ке мыңнан астам модель қатысты. Кастинг ба­рысында брендтің негізін қалаушы, ди­зай­нер және кастинг директор сенің жүру сти­ліңе ерекше мән береді. Әрі киіну стиліңе де баса назар аударады. Мен Emporio Armani-дің кастингіне түрлі стильді біріктіріп, киі­ніп бардым. Біле білсеңіз, әр брендті өзіндік жүру стилі арқылы таныстыру қажет. Мы­салы, Balenciaga көрсетілімдеріне байсалды түрмен шығуың керек. Ал Yves Saint Laurent сән үйінің өкілдері өте арық модельдерді ірік­теп алады. Айт­пақшы, кастинг бары­сын­да түсірген видеомды әлеуметтік желіге жүк­теп салғанымда, кейбіреулер «Егер сені он­да модель ретінде мақұлдаса, күлер едім» дегендей пікірлер жазып, мұны болмашы жайтқа теңеді. Кейін маған хабарласып фиттинг, яғни киім өлшеу процесі бас­тал­ғанын айтты. Бұл дегеніміз – мені модель ретін­де жартылай бекітті деген сөз. Ақы­рында мені түбегейлі бекітіп, жұмысқа ша­қыр­ған кезде әлгі маған «күлер едім» деген­­дер­дің хабарламасын оқып отырып мен күлдім. Айтпақшы, Emporio Armani брендінің негізін қалаушы Джорджо Арманимен аз-маз сөйлесіп, суретке түстім. Сексен сегіз жаста­ғы дизайнердің өте қарапайым, ашық кісі екенін байқап, таңғалдым.  width= Джорджио Арманимен бірге

– TikTok-тағы жеке парақшаңда Em­po­rio Armani-ден сыйлық алғаныңды жаз­ған едің.

– Ол жазбам үлкен аудиторияға тара­ла­ты­нын білгенде, салмас едім (күліп). Бірақ олар­дың берген сыйлығы ұнады. Ол көрсе­тілім­де елуге жуық модель подиумға шықты. Ірі брендтердің көрсетілім аяқталған соң модельдерге сыйлық беретін дәстүрі бар. Осы жолы маған Emporio Armani өкілдері спорт киім жиынтығын сыйлады. Бұрын Emporio Armani-дің көрсетілімін қарап оты­рып, «бір күні мен де осылай подиумға шы­ғамын» деп тіпті армандамағанмын. Бірақ сәтін салып, екінші маусымда осындай ірі брендтің киім үлгісін таныстыруға лайық мо­дель деп танылғаныма қуаныштымын.

– Бұл сен жұмыс істеген бірінші үл­кен бренд шығар?

– Жоқ. Оңтүстік Кореяға шақырылып, Sam­sung-тің Galaxy S23 Ultra телефоны та­ныс­тырылған жарнамаға түстім. Оны Корея­ның ең үлкен билбордынан көрсетті. YouTube-тан, жалпы барлық әлеуметтік ж­е­лі­ден де таратылды. Қазақстанға да таралуын күт­кен едім, бірақ шықпай қалды. Осы жар­намадан соң көпшілік мені тани бастады. Бір­де кафеде отырған кезде егде жастағы ер­лі-зайыптылар мені теледидардан көр­ге­нін айтып, бірге суретке түсуімді өтінді. Со­сын Dolce & Gabbana сән үйі өкілдерінің Таи­­ландта өткізген жабық көрсетіліміне қатыстым. Онда Dolce & Gabbana сән үйінің негізін қа­лау­шы дизайнерлердің кезінде өз қол­дарымен тік­кен, қазір мұражайда тұрған эксклюзив киімдерін таныстырдық. Сол кез­де ұйымдастырушылар мені Таиландтың бір әртісіне ұқсатып, көрсетілімге ша­қыр­ға­нын айтқан еді. [caption id="attachment_226477" align="alignleft" width="524"] width= Em­po­rio Armani көрсетілімі кезінде.[/caption]

– Онсыз да «Сені ол жақта басқа Азия халықтарымен шатастырмады ма?» деп сұ­рағалы отырған едім. Бірақ сен, Ра­хат, Нұрсұлтан үшеуің Париж, Милан­дағы сән апталықтарына қатыса бас­та­ғалы бері көпшілік қазақ екендеріңді ажы­ратып, айнымай тани бастаған се­кілді.

– Иә, өйткені бұл индустрия бізде енді дамып келеді. Қазақстанда модель агенттігі жетерлік. Бірақ олар әлемдік нарыққа шығудың жолын білмейді. Ал мұны сәтті іске асырып жатқан, «Қазақ модельдер осындай болады» деп бізді таныстырып жүрген біздің агенттік қана. Бұл бір жағынан, әлбетте, қуантарлық жағдай. Бірақ екінші жағынан шынында қынжылтады. Себебі елде әлемдік деңгейге шығу керек екенін ешкім айта бермейді, жарнама дұрыс жасалмайды. Жас модельдер шетелдегі көрсетілімдерге қа­тысып, Қазақстанды танытуға барынша тырысып жүр. Мақтамаймын, бірақ біздің директор бастаған топ көп модельді тауып, жаттықтырып, үйретуге барын салып жатыр. Мұндай қарқынмен жұмыс істей беруді жал­ғас­тырсақ, жуырда Еуропа жұрты Қа­зақ­стан­нан екенімізді айтқызбай-ақ та­ни­тын­дай деңгейге жетеміз деп ойлаймын. Жаңа сіз Азияның басқа халықтарымен шатастыруды сөз еттіңіз ғой. Мен бір жыл бұрын қырыққа жуық кастингке қатыстым. Айналамда­ғы­лар­дың «Қайдансың?» деген сұрағына «Қа­зақ­станнанмын» деп жауап берсем, «Ол қайда?» деп таңдана сұрайды. Оңтүстік Ко­рея мен Таиландта келісімшартпен жұмыс іс­те­ген кезде менің біресе кәріс, біресе тай деп ойлап, жақын тартады. Кей жағдайда ата-анам екі ұлт өкілі деп топшыласа керек. Бірақ үнемі қайдан, қай ұлттан тарайтыным­ды айтып жүрген соң, қазір кастингтерге қа­тысқанда бәрі қазақ екенімді, Қазақ­стан­нан екенімді жақсы біледі. Қазір сіз атап өт­кендей, әлемдік деңгейдегі көрсетілімдерге жиі шығатын қазақстандық модельдер саны арта бастаған соң, көпшілік біздің елде де модель болуға лайық келбетті жандар барын біледі. Қазақ модельдің бет-әлпеті қандай болатынын ажырата алады. Азиаттар тобына жатсақ та, кәрістер, жапондардан айырма­шы­лығымыз бар екенін біледі. Сондықтан мен өзімді подиумда тек брендті емес, ұлтты, елді таныстырып жүрмін деп ойлаймын.  width=– Ендігі жоспар қандай? «Мына бренд­­тің киім үлгісін таныстырсам ғой», «Мына компанияның жарнама ро­ли­гіне түссем ғой» деген арманың бар ма?

– Алдағы уақытта Prada сән үйінің көр­сетіліміне қатысқым келеді. Сосын, әлбетте әлемдік брендтердің бет-бейнесі атануды армандаймын. Жалпы, Париж бен Миланда өтетін көрсетілімдерде жаңа маусымның ашылуы, жаңа коллекциялардың таныс­ты­ры­лымы болады. Ал басқа кезде модельдер кө­біне Нью-Йоркке немесе Лондонда орна­ласқан түрлі брендтермен жұмыс істейді. Сол секілді мен де сол екі ірі қалада жұмыс іс­теп қайтуды көздеп отырмын. Қазір Аме­ри­камен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ал Лондондағы агенттікпен келісімшарт жасас­қан. Парижден соң Қытайға жол жүргелі отырмын. Сосын Нью-Йорк немесе Лондонға жұмыс істеуге барамын. width= – Түсірілім немесе көрсетілімге қа­тысу кезінде көп жағдайда қабағын тү­йіп алатынын бағамдап, «Осы модель­дер табиғатынан тұйық па, қалай?» деп ойлайсың. Ал сен қандайсың? Модель бол­ғалы бері мінезіңде өзгеріс байқал­ды ма?

– Бұл істі қолға алғалы бері жақсы жаққа өз­гергенімді байқаймын. Көкжиегім кеңейіп, айналама мүлде басқа көзқараспен қарай бастадым. Бұрын сөйлесуге онша жоқ едім. Ал қазір көп адаммен араласамын. Күн сайын жаңа дос табамын. Өз-өзімді дамытып, білімімді жетілдіріп жүрмін. Ағылшыншам жақсарды. Француз тілін де түсіне бастадым. Кореяда жұмыс істегенде кәріс, Таиландта жүргенде тай тілін де біраз үйреніп алдым. Қалыптасқан тағы бір әдет, елдің айтқанын елемейтін болдым. Ресей, Қазақстанда тұра­тын көпшілік егер ер адам модель болып жұмыс істесе, оның ориентациясы басқа де­ген ой түйеді. Менің айтарым – бұл тіпті де олай емес! Жалпы, модель болғаным үшін келемеждейтіндер баршылық. Бірақ мен олардың айтқанына құлақ аспаймын.  width=– Олай айтатындарға жауабың дайын ғой. Өзің айтқандай, сен по­диум­да қазақ ұлтын, қазақтың келбетін та­ныс­тырып жүрсің.

– Рахмет! Енді пиғылы жаман адамдарға қа­лай жауап беру керек екенін білемін! Осы рет­те сүйікті ісімен айналысқысы келіп, әсі­ре­се, мен секілді модель болғысы келе­тін­дерге айтарым – әлдебіреулердің сөзін жү­рек­ке жақын қабылдамаңдар. Сын көп ес­тігендердің бірі менмін. Бірақ менің сағым сынған жоқ. Ешкімнің сенде шаруасы жоқ. Пат­ша көңілің қалаған істі қолға ал. Сен шын қаласаң, бәріне де қол жеткізесің. Кейде қаламасаң да, шыңға шығарып жібереді. Сон­дықтан өз ісіңе адал болуға тиіссің. Түбі нәтижесін беретіні анық.

– Бос уақытыңда немен айналыса­сың? Қандай хоббиің бар?

– Таза ауада қыдырғанды ұнатамын. Со­сын аниме қараған ұнайды. Компьютер ойын­дарын ойнаймын. Бос уақытта ата-анама көмектесуге тырысамын. Анам Қас­ке­леңде кондитерлік іспен айналысады. Түрлі бәліш, кекс пен тоқаш пісіреді. Жоғарыда айтып өткендей, мен тағам әзірлегенді ұнатамын. Сондықтан анамның көмек­ші­сі­мін десем болады.

– Әңгімеңе рахмет! Ойлағаның іске ассын!

Сұхбаттасқан Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Фото: Ертай Әбдібековтің жеке мұрағатынан