Әсем Орынбай стенд атудан әлем кубогының жеңімпазы атанды

Әсем Орынбай стенд атудан әлем кубогының жеңімпазы атанды

Әсем Орынбай стенд атудан әлем кубогының жеңімпазы атанды
ашық дереккөзі
50427

Әсем Орынбай стенд атудан Алматыда өтіп жатқан Әлем Кубогының жеңімпазы атанды деп хабарлады turkystan.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, отандасымыз скит бағдарламасында қарсылас шақ келтірген жоқ.

Финалда негізгі кезеңде 60 рет нысана көздеген соң үндістандық Ганемат Секхон мен Әсем 50 ұпайдан жинап тең түсті. Қосымша мүмкіндікте қазақстандық спортшы екі мәрте мүлт кеткен жоқ. Ал қарсыластың жүйкесі сыр беріп, бір рет қана нысанаға дәл тигізе алды. Қола медаль тағы бір үндістандық Даршна Ратхордың еншісінде.

Серіктес жаңалықтары