50296
Жаркентте 3 жасар бүлдіршін каналға құлап, көз жұмды
Жаркентте 3 жасар бүлдіршін каналға құлап, көз жұмды
Жаркентте ұшты-күйлі жоғалып кеткен үш жасар бүлдіршіннің мәйіті суару каналынан табылды деп хабарлады turkystan.kz аймақтық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алмалы кентінің тұрғындары Жетісу облысы Панфилов ауданының полицейлеріне 3 жасар баланың жоғалып кеткені туралы өтінішпен жүгінген. Олардың сөзінше, бала өзінің үйінің ауласында ойнап жүріп, жоғалып кеткен.
Іздеуге 100-ге жуық адам шыққан. Олар баланың денесін арықтан тапты.
«Кентке кіретін су жабылды. Суару каналындағы су көлемі азайғаннан кейін жоғалған баланың денесі оның үйінен 3 км қашықтықта табылды. Болжам бойынша, бала арнаға құлап кеткен, қатты ағыс алып кеткен», - деп хабарлады Жетісу облысының Полиция департаменті.