50717
Директорлардың айлығы мұғалімдердікінен төмен – министр
Директорлардың айлығы мұғалімдердікінен төмен – министр
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп директорларының айлығы көтерілетінін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Мектеп әкімшілігінің айлығы мұғалімдікінен де төмен. Сондықтан министрлік мектеп әкімшілігінің, яғни, директор мен оның орынбасарларының айлығын көтеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұдан былай, мектеп әкімшілігінің айлығы мұғалімдердікінен көп болмаса, аз болмайды. Өйткені мектеп басшыларының жауапкершілігі үлкен. Оларға жүктеліп жатқан міндет көп. Сондықтан мектеп басшылығы тиісті айлығын алуы керек», - деді Бейсембаев.