51506
Биылдан бастап мұғалімдер әуреге түсіп портфолио жинамайды – министр
Биылдан бастап мұғалімдер әуреге түсіп портфолио жинамайды – министр
Мұғалімдерді аттестаттау, портфолио жинау мәселесі қайта қаралады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұдан былай, мұғалімдерді тестілеу, аттестаттау, әуреге салып портфолио жинату мәселесі қайта қарастырылады. Биылдан бастап мұғалімдер бірінші кезекте өзінің санатын дәлелдеу үшін ешқандай портфолио жинаумен айналыспайды. Өйткені, бұл да - жемқорлыққа итермелейтін дүниелер. Ананың туыстары барып жалған сертификат алып алады екен, мынаның туыстары барып орден, медаль барып алады екен. Сөйтіп, ақша төлеп оларды жинайды. Ал ол ешкімге керек емес. Негізі аттестация - мұғалімнің жетістігі емес, мұғалімнің табысы оқушының жетістігі арқылы бағалануы керек. Екіншіден, мұғалім қалай серитификат аламын демей, оқушының білімімен айналысуы керек. Ал министрлік оқушысы жетістікке жеткен мұғалімдерді сырттай бақылау арқылы автоматты түрде оның категориясын өзіміз әкеп беруіміз керек», - деді министр.