50255
Үндістандық боксшы Асланбекпен кездесер алдында мәлімдеме жасады
Үндістандық боксшы Асланбекпен кездесер алдында мәлімдеме жасады

Үндістандық боксшы Нишант Дев Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық Асланбек Шымбергеновпен өтетін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sports.kz жазды деп хабарлады turkystan.kz.
Ол бұған дейін кубалық Хорхе Куэльярды жеңген болатын.
«Кубалық боксшыны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңу – керемет сезім. Біздің стратегиямыз бірінші раундтан бастап қарсыласқа қысым жасау және бүкіл жекпе-жек бойы психологиялық тұрғыдан мықты болу еді. Мен мұны жартылай финалға, содан кейін финалға дейін сақтаймын. Әлем чемпионатында қола медаль алған өте жақсы, бірақ мен Үндістанға алтын медальмен ораламын», – деді Нишант.