Қазақ боксшы кубалық Олимпиада чемпионын жеңіп, сенсация жасады (ВИДЕО)
Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатында Қытай құрамасының атынан шыққан этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқан сенсация жасады деп хабарлады turkystan.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/4 финалында Таңатқан кубалық екі дүркін Олимпиада чемпионы (2016, 2020) және әлем чемпионы (2015) Арлен Лопеспен кездесті. Жекпе-жек қазақ боксшының жеңісімен аяқталды.
Жекпе-жектен кейін жаттықтырушысы боксшыны қазақ тілінде құттықтап, жеңісіне бірге қуанды.
Осылайша, Таңатқан 2023 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, өзіне кем дегенде қола медальға кепілдік берді.