«Бірінші некеден балалары бар, қайта тұрмысқа шығайын деп жатқан аналарға ескертуім бар. Өкінішке қарай, әкелердің (өгей әкелер мен туған әкелердің) балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылығы артып келеді. ...Әйелдер! Баламен тұрмысқа шықпаңыздар! Балалардың қауіпсіздігі кейбір ер адамның махаббатынан әлдеқайда маңызды», - деді ол.
Белгілі адвокат баласы бар әйелдерге тұрмысқа шықпауға кеңес берді

Белгілі адвокат баласы бар әйелдерге тұрмысқа шықпауға кеңес берді
Белгілі адвокат Айман Омарова баласы бар әйелдерге тұрмысқа шықпауға кеңес беріп, Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Адвокат қазір қоғамда балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың ушығып тұрғанын алға тартқан. Сондықтан әйелдердің қайта тұрмыс құрмағаны жөн екенін айтады.