Қазақстан, Куба, Өзбекстан: әлем чемпионатында кім алда келе жатыр?

/
Қазақстан, Куба, Өзбекстан: әлем чемпионатында кім алда келе жатыр?
ашық дереккөзі
Қазақстан, Куба, Өзбекстан: әлем чемпионатында кім алда келе жатыр? Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстаннан жеті спортшы шаршы алаңға шығады деп хабарлады turkystan.kz. Ширек финалда өнер көрсететін боксшылардың саны бойынша Қазақстан төртінші орында деп жазады Sports.kz. Көшбасшы - Куба құрамасы: он екі спортшы, екінші орында Өзбекстан: он бір боксшы, үшінші орында Ресей: сегіз боксшы. Ал одан кейінгі орынға жайғасқан елдер тізімі мынадай: Испаниядан алты, Франция және Грузиядан бес, Иордания, Тәжікстан және Болгариядан төрт, Қырғызстан, Үндістан, Бразилия және Армениядан үш, Жапония, Венесуэла, Тайланд, Моңғолия, Қытай, Әзірбайжан, Замбия, Мексикадан екі, Тайвань, Шотландия, Австралия, Хорватия, Венгрия, Беларусь, Колумбия, Гана, Италия, Австриядан бір боксшы ширек финалға шыққан.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары