ӘЧ: боксшыларымыздың ширек финалдағы қарсыласы анықталды

/
ӘЧ: боксшыларымыздың ширек финалдағы қарсыласы анықталды
ашық дереккөзі
ӘЧ: боксшыларымыздың ширек финалдағы қарсыласы анықталды Қазақстандық боксшылардың Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалындағы қарсыласы белгілі болды деп хабарлады  turkystan.kz. Санжар Ташкенбай (48 келі) Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері және Жапонияның бес дүркін чемпионы Казума Аратакемен кездеседі. Ал Махмұд Сабырхан (54 келі) Гана боксшысы Мұхаммед Амадумен жұдырықтасады. Серік Теміржанов (57 келі) Куба чемпионы Сайдел Хортамен жекпе-жек өткізеді. Дулат Бекбауов (67 кг) «Алтын белбеу» кубогын жеңіп алған жас мексикалық боксшы Мигель Анхель Мартинеспен шаршы алаңға шығады. Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновтың (71 келі) қарсыласы француз Макан Траоре болады. Нұрбек Оралбай (80 кг) қазіргі Азия чемпионы, сондай-ақ құрлықтық біріншілікте үш рет «қола» жеңіп алған иорданиялық Хуссейн Эйшайш Ишайшпен күш сынасады. Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) өзінің басты қарсыласы, Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы және үш дүркін Азия чемпионы, өзбекстандық Баходир Джалоловпен кездеседі.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары