Дулат Бекбауов үндістандық боксшыны жеңіп, ширек финалға шықты (ВИДЕО)

Дулат Бекбауов үндістандық боксшыны жеңіп, ширек финалға шықты (ВИДЕО)
Ташкентте (Өзбектан) өтіп жатқан бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Дулат Бекбауов екінші жекпе-жегін өткізді деп хабарлады turkystan.kz.
Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда үндістандық Акаш Сангванмен жұдырықтасты. Дулат Бекбауов қарсыласынан басым түсіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Боксшымыз енді ширек финалда бақ сынайтын болады.
Бүгін бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергеновтің және Нұрбек Оралбай мен Махмұд Сабырханның ширек финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.