«Ол жерде кішкене ғана эпизодтық бөлім. Өтініштер бар. ...Біреулер айтады маған: «Бір күні базарға барып айтатын шығарсың», - дейді. Базар тұрмақ, моншаға да барып айтуға дайынмын. Егер қажет болса, тап сол жерге барып айтуға, дінді насихаттауға дайынмын», - дейді ол.Бағдарлама барысында қонаққа сұрақ қойған жүргізушілер оның жеті тіл білетініне таңданысын жасырмады.
Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы киноға түсті

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы киноға түсті
Белгілі имам, қоғам белсендісі Нұрлан Байжігітұлы отандық кинода эпизодтық рөлді сомдаған. Бұл туралы ол Jibek Joly TV телеарнасындағы «Түнгі студия» бағдарламасында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Нұрлан Байжігітұлының айтуынша, өзі түскен «Күйеуіме тоқал іздеймін» атты киноның тұсаукесері 11 мамырда болады.