Нұрбек Оралбай Каан Айкутсунды жеңіп, ширек финалға шықты (ВИДЕО)

Нұрбек Оралбай Каан Айкутсунды жеңіп, ширек финалға шықты (ВИДЕО)
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді деп хабарлайды turkystan.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда отандасымыз түркиялық Каан Айкутсунмен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Нұрбек Оралбай әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін отандасымыз әзербайжандық боксшы Мурад Аллахвердиевті жеңген болатын.