Әлем чемпионаты: бүгін бес боксшымыз шаршы алаңға шығады

Әлем чемпионаты: бүгін бес боксшымыз шаршы алаңға шығады
Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін бес боксшымыз: Асланбек Шымбергенов, Дулат Бекбауов, Нұрқанат Райыс, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай бақ сынайды деп хабарлады turkystan.kz.
Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда Асланбек Шымбергенов (71 кг) Израиль өкілі Мирослав Капулер-Ищенкомен жекпе-жек өткізеді. Ал Нұрбек Оралбай (80 кг) түрік Каан Айкутсунмен кездеседі.
Сағат 19:00-де басталатын кешкі сессияда үш боксшымыз өнер көрсетеді. Бірінші жұпта Махмұд Сабырхан (54 кг) Сачин Сивачпен жұдырықтасса, Дулат Бекбауов (67 кг) Үндістанның тағы бір өкілі Акаш Сангванмен кездеседі. Нұрқанат Райыс (75 кг) бразилиялық боксшы Вандерлей Перейрамен жекпе-жек өткізеді.