Махмұд Сабырханның Ташкенттегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

/
Махмұд Сабырханның Ташкенттегі алғашқы қарсыласы белгілі болды
ашық дереккөзі
Махмұд Сабырханның Ташкенттегі алғашқы қарсыласы белгілі болды Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. 54 келі салмақта өнер көрсетіп, жарысты 1/16 кезеңнен бастайтын спортшымыз венгриялық Иштван Сакамен кездеседі. Махмұдтың қарсыласы осы жарыстағы бірінші жекпе-жегінде түркменстандық Довлет Мухановты жеңген. Енді екі боксшы 8 мамырда шаршы алаңға шығады. Махмұд Сабырхан 2023 жылы Азия чемпионы атанды. Сонымен қатыр 2021 жылы әлем біріншілігі мен 2022 жылғы Азия чемпионатында күміс иеленді.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары