Әлем чемпионаты: 5 мамырда рингке шығатын боксшылардың тізімі жарияланды

/
Әлем чемпионаты: 5 мамырда рингке шығатын боксшылардың тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
Әлем чемпионаты: 5 мамырда рингке шығатын боксшылардың тізімі жарияланды Бесінші мамырда үш қазақстандық боксшы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатында өнер көрсетеді деп хабарлайды turkystan.kz. Астана уақыты бойынша сағат 14:00-де басталатын күндізгі сессияда Серік Теміржанов (57 кг) 1/16- финалда Мали өкілі Абдул Кәрім Батилимен кездеседі. Олардың жекпе-жегі А рингінде бірінші болып жоспарланған. Ал кешкі сессия сағат 19:00-де басталады. Бұл уақытта Нұрбек Оралбай (80 кг) бірінші жекпе-жек өткізеді. Спортшымыз әзербайжандық Мурад Аллахвердиевпен жұдырықтасады. 92 келіге дейінгі санатта Нұрбектің ағасы Айбек Оралбай итальяндық Азиз Аббес Мухидинмен жекпе-жек өткізеді. Олардың жекпе-жегі тоғызыншы жұпта, А рингінде өтеді. Айта кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан екі боксшы жарыстан шығып қалды: Талғат Сырымбетов (60 кг) және Санатәлі Төлтаев (63,5 кг).    
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары