Аяққа тұруыма халықтың дұғасы көмектесті – Айдос Ербосынұлы

/
Аяққа тұруыма халықтың дұғасы көмектесті – Айдос Ербосынұлы
ашық дереккөзі
Аяққа тұруыма халықтың дұғасы көмектесті – Айдос Ербосынұлы Қазақстандық кәсіпқой боксшы кубалық Дэвид Моррельмен (8-0, 7 КО) жекпе-жектің 12-раундында нокаутпен жеңілген еді. Осылайша, мансабында жеңілістің дәмін бірінші рет сезген ол осыдан кейін бір ай ауруханаға жатып, бүгінде қалпына келген деп хабарлайды turkystan.kz. Боксшы спорт журналисі Серік Ноянға берген сұхбатында соңғы жекпе-жектен кейінгі оқиға өміріндегі көп нәрсенің өзгеруіне себеп болғанын айтты.
«Бұл өмірде бәрі біз ойлағандай емес екен. ...Осы оқиға келешектегі өмірімнің өзгеруіне себеп болады деп ойлаймын: соңғы жекпе- жектегі жеңіліс. Айналаңа, қоршаған ортаңа, отбасыма, бәріне деген көзқарасым өзгерді. Кімнің нағыз дос екенін, бауыр екенін, кімдерге көңіл бөлу керек екенін түсінгендей болдым. Кезінде ол нәрсені білмедім деп айтпаймын. Бұған дейін де басымнан өткен.
Осыған дейін жеңіліске ұшырамағандықтан бәлкім бір кездері қасымдағы адамдарды ажырата алмай қалдым деп ойлаймын.
    Қазақ елін қалай жақсы көрсем, мені де солай жақсы көретінін сезіндім. Басыма сынақ келгенде қаншама халық қолдап жатты. Қажылықта жүрген бауырларымыз дұға жасап жатты. Соның себебінен болар, дәрігерлердің өзі таңғалды АҚШ-та. «Мұндай жағдайда кемі екі-үш ай жатады ауруханада» деп. Мен бір айдың ішінде емделгеннен кейін «Болды, қайта берсең болады. Сені бұл жерде ұстай алмаймыз» деді.  Халықтың дұғасынан деп ойлаймын. Әрине, арасында көңілге тиетін пікір жазатындар болады. Ол қай кезде де болған. Қалыпқа келгеннен кейін кеудеме қуаныш сезімі ұялап, өзімнің халыққа керек екенімді сезіндім. Аяққа тұруыма халықтың дұғасы, жақсы тілегі көмектесті», - дейді Айдос Ербосынұлы
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары