«Сапасыз салынған»: Түркістанда желден Ясауи музейінің шатыры қирап қалды

«Сапасыз салынған»: Түркістанда желден Ясауи музейінің шатыры қирап қалды

«Сапасыз салынған»: Түркістанда желден Ясауи музейінің шатыры қирап қалды
ашық дереккөзі
50420
Түркістан тұрғындары Қожа Ахмет Ясауи музейінің құрылыс сапасын талқылап жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Өйткені жел салдарынан ғимараттың шатыры жартылай зақымдалған. Тұрғындар сәттің видеосын таратып жатыр деп жазды Tengrinews.kz Түркістандықтардың айтуынша, музей ғимараты әуеліде-ақ сапасыз салынған. Айтуынша, жаңбырлы ауа райында музейдің төбесінен су ағады екен. Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл жағдайға түсініктеме берді.
«2023 жылғы 4 мамырда сағат 16:15 шамасында желдің қатты соғуына салдарынан Қожа Ахмет Ясауи музейі шатырының 80 шаршы метрге жуық аумағы (сыртқы алюминді касеталар) ұшып кетті. Облыстық "Қазгидромет" филлиалының мәліметіне сәйкес, шығыстан соққан жел секундына 15-20 метр, күндіз кей уақытта 25 метрге дейін жеткен. Музейдегі ақауларды ретке келтіру жұмыстары жел тоқтаған соң жасалады. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты», - деді әкімдіктен.
https://www.youtube.com/watch?v=UnUV2bLKtio&ab_channel=TengriVids

Серіктес жаңалықтары