Бес жылдан кейін қандай мамандықтар жойылуы мүмкін?

/
Бес жылдан кейін қандай мамандықтар жойылуы мүмкін?
ашық дереккөзі
Бес жылдан кейін қандай мамандықтар жойылуы мүмкін? Жасанды интеллект (AI) технологияларының дамуына байланысты алдағы бес жылда кейбір мамандықтар ең көп сұранысқа ие болса, кейбірі керісінше жойылуы мүмкін. Бұл туралы ДЭФ зерттеуінде айтылған деп хабарлады turkystan.kz. Жасанды интеллект алдағы бес жылда еңбек нарығын айтарлықтай өзгерте алады. Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) зерттеуінде белгілі болды деп хабарлады Euronews. Ұйым зерттеу нәтижелерін «болашақ мамандықтар» баяндамасында ұсынды. Онда жұмыс берушілер алдағы бес жылда қандай мамандар еңбек нарығында ең көп сұранысқа ие болатынын және жақын арада қандай мамандықтар жоғалып кетуі мүмкін екенін егжей-тегжейлі айтып берді.
«Жасанды интеллект және машиналық оқыту мамандары ең көп сұранысқа ие мамандықтар тізімінде бірінші орынға шықты. Одан кейін тұрақты даму мамандары, бизнес-талдаушылар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сарапшылар. Сосын банк, пошта қызметкерлері және кассирлер», - делінген ДЭФ баяндамасында.
ДЭФ нұсқасы бойынша ең сұранысқа ие он мамандық: жасанды интеллект және машиналық оқыту мамандары; тұрақты даму менеджерлері; бизнес-аналитика; ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сарапшылар; финтех саласындағы мамандар; талдаушылар және инженерлер; робототехника мамандары; электротехнология инженерлері; ауыл шаруашылығы жабдықтарының операторлары; сандық трансформация мамандары. Зерттеу бойынша, мына жұмыс орындары тез қысқарады: банк қызметкерлері және онымен байланысты кәсіптер; пошта қызметкерлері; кассирлер; деректерді енгізу операторлары; хатшылар; материалдарды есепке алу және қоймалық есепке алу жөніндегі іс жүргізушілер; бухгалтерлер; заң шығарушылар мен шенеуніктер; есепшілер-статистика, қаржы және сақтандыру қызметкерлері; саяхатшылар және онымен байланысты кәсіптер. ДЭФ-тің «болашақ мамандықтар» баяндамасы әлемнің ірі жұмыс берушілері сауалнамасының нәтижесіне негізделген. Сауалнамаға әлемнің барлық аймағынан 27 сала мен 803 компания қатысты. Бұл компанияларда 11 миллионнан астам қызметкер жұмыс істейді. Жұмыс берушілердің болжауынша, әлемде 69 миллион жаңа жұмыс орны пайда болады, бірақ одан да көп – 83 миллион жұмыс орны қысқарады. Зерттеуде бұл  жоғары инфляция, экономикалық өсімнің баяулауы және жеткізілім тапшылығы сияқты экономикалық мәселелермен түсіндіріледі.    
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары