Бокстан әлем чемпионаты: ертең рингке кім шығатыны белгілі болды

/
Бокстан әлем чемпионаты: ертең рингке кім шығатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Бокстан әлем чемпионаты: ертең рингке кім шығатыны белгілі болды Ертең, 4 мамырда Қазақстаннан екі боксшы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатында өнер көрсетеді деп хабарлады turkystan.kz. Астана уақыты бойынша сағат 14:00-де басталатын күндізгі сессияда Санатәлі Төлтаев (63,5 кг) 1/16 финалда Маврикий өкілі Ричарно Колинмен кездеседі. Ал кешкі сессия сағат 19:00-де басталады. Бұл уақытта Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) ресейлік Алексей Дроновпен жекпе-жек өткізеді. Естеріңізге сала кетейік, осы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі) жарысты тоқтатты.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары