Депутат 4 баласы бар әйелдердің зейнет жасын 53 жасқа төмендетуді сұрады

/
Депутат 4 баласы бар әйелдердің зейнет жасын 53 жасқа төмендетуді сұрады
ашық дереккөзі
Депутат 4 баласы бар әйелдердің зейнет жасын 53 жасқа төмендетуді сұрады Мәжілісте көпбалалы отбасы мәртебесін өмір бойына бекітуді және 4 бала тәрбиелеген аналардың зейнет жасын 53 жасқа дейін төмендету ұсынылды. Қазақстан халық партиясы фракциясының депутаттары вице-премьер Алтай Көлгіновке осы мәселені жеткізіп, депутаттық сауал жолдады деп хабарлады turkystan.kz. Депутат Гауһар Танашеваның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға бойынша, 5 немесе одан көп бала туған, асырап алған және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген көпбалалы аналар ғана 53 жасында зейнетке шығады. «Біз 4 бала тәрбиелеп отырған әйелдердің зейнеткерлік жасын 53 жасқа дейін төмендетуді ұсынамыз. Сондай-ақ баланы 8 жасқа дейін тәрбиелеу міндеттемесін алып тастау мәселесін қарастыруды сұраймыз», - деді депутат.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары