«Әскери және арнаулы қызметтер радиолокациялық күрес жүйелерін қолдана отырып аппараттарды уақтылы істен шығара алды. Кремль аумағына құлап, сынған дрондардан зардап шеккендер жоқ. Материалдық залал келтірілген жоқ», - деп жазылған хабарламада.Ресей тарапы мұндай шабуылды Президентке жасалған қастандық деп бағалады.
«Мұны 9 мамырдағы Жеңіс күні қарсаңында, шетелдік қонақтардың қатысуы жоспарланған шеру алдында арнайы жоспарланған террористік акция не Президентке жасалған қастандық деп санаймыз», - делінген хабарламада.Кремль енді Ресейдің қарсы шабуыл жасауына толыққанды негіз барын атап өтті.