Бұршақ жауады: 3 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бұршақ жауады: 3 мамырға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 3 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, ауқымды антициклон әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Оңтүстік циклон және оған ілесіп келетін фронттарға байланысты елдің батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, бұршақ жауады.
Еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашын жауады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте, солтүстік-шығыста тұман түседі.
Түнде Алматы, Жетісу облыстарының таулы аудандарында, Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында 1-7 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.