Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ адам автобус айдаған

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ адам автобус айдаған
Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ адам автобус айдаған деп хабарлады turkystan.kz.
Қарғалы тұрғын алабындағы "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері жолаушылар автобусын тоқтатты. Тексеру кезінде бір фирманың қызметкерлерін тасымалдаған жүргізушінің жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды. Автобус арнайы автотұраққа қамалды деп жазды Polisia.kz.
Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды және әкімшілік сот 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.