50439
Әлем чемпионаты: 3 мамырда шаршы алаңға бір боксшымыз шығады
Әлем чемпионаты: 3 мамырда шаршы алаңға бір боксшымыз шығады

Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатының үшінші күні Қазақстан құрамасынан бір ғана спортшы шаршы алаңға шығады деп хабарлады turkystan.kz.
Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда Талғат Сырымбетов қазіргі Азия чемпионы, иорданиялық боксшы Мұхаммед Абу-Джаджехпен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, Талғат Сырымбетов үшін бұл турнирдегі екінші жекпе-жек болмақ: ол осыған дейін Ташкенттегі әлем біріншілігінде таиландтық Сакда Руамтхамды жеңген болатын.