«Күн күркіреп, қатты жел тұрады»: 1 мамырдағы ауа райы

/
«Күн күркіреп, қатты жел тұрады»: 1 мамырдағы ауа райы
ашық дереккөзі
«Күн күркіреп, қатты жел тұрады»: 1 мамырдағы ауа райы Қазгидромет 1 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді. Облыстың шығысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз Алакөл ауданында соққан желдің екпіні 24-29 м/с дейін жетеді. Талдықорған қаласында күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстік бөліктерінде түнгі және күндізгі уақытта да найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Сонымен қатар, облыстың солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа қарай ойысады. Облыс орталығында соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Атырау облысының шығысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі. Атырауда күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан жел кейін шығысқа ойысады. Облыс орталығында соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Қызылорда қаласында күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с, арты шаңды дауылға ұласуы мүмкін. Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 18-23 м/с дейін жетеді. Алматыда және Қонаевта солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Павлодар қаласында түнде -1-ден -3 °C-қа дейін суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз солтүстік бағыттан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Абай облысының оңтүстігінде түнде 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде де жел тұрады. Семей қаласында күндіз солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с дейін жететін болады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз  өңірдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады деп күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістан облысының тауларында күндіз найзағай ойнауы мүмкін, ал облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аудандары мен тау бөктерінде шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, ал күндіз кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Шымкент қаласында күндіз 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі. Түркістан қаласында да 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен шығыстан солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі. Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с болады. Ұлытау облысының оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с болатын солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі. Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-шығыстан жел соғады. Қарағанды қаласында түнде топырақ беті қатып, -3 °C дейін суық болады, үсік жүреді.                  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары