50298
Қарағандыдағы су қоймасынан әйелдің денесі табылды
Қарағандыдағы су қоймасынан әйелдің денесі табылды

29 сәуірде Қарағандыда Федоров су қоймасынан әйелдің денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz.
Тұрғындар бірден оқиға орнына полиция шақырған. Қазір полицейлер қайтыс болған адамның жеке басын анықтап жатыр.
Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Әлеуметтік желілерде ол суға батып кетті деген пікір бар. Өлімнің себебін енді сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.
«Полиция әйелдің мәйітін табу фактісін тіркеді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазір оның жеке басы, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.