Елімізде Ата-аналар академиясы жұмысын бастайды

/
Елімізде Ата-аналар академиясы жұмысын бастайды
ашық дереккөзі
Елімізде Ата-аналар академиясы жұмысын бастайды Еліміздің мектептерінде Ата-аналар академиясы жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді деп хабарлады  turkystan.kz. Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанованың айтуынша, Президент тапсырмасымен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар әзірленген. Еліміздің әр өңірінде бала құқықтары жөніндегі уәкілдер жұмыс істейді. Балалар мен олардың ата-аналарына жедел көмек көрсету үшін «Бала қорғау» телеграм-чаты жұмыс істейді. Бұл шаралар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары