Қостанай полицейлері қайғылы оқиғаның алдын алды. Тәртіп сақшылары 3 жасар баланы құтқарды деп хабарлады turkystan.kz.
Анасы қызын үйде жалғыз қалдырып, дүкенге кеткен. Пәтерде газ плитасында шәйнек тұрған. Қыз алдыңғы есікті ішінен жауып тастағандықтан анасы үйге келгенде, ішке кіре алмады деп жазды alau.kz. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы шықты. Полиция қызметкерлері Абай Фазылов пен Алмаз Сафин үйге балкон арқылы кіруге шешім қабылдады. Пәтер екінші қабатта орналасқан. Полиция қызметкерлері үйге кіріп, баланы анасына тапсырды. Тұрғын полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткені үшін алғыс айтты.Есікті ішінен құлыптаған: полицейлер үйінде қамалып қалған бүлдіршінді құтқарды

Есікті ішінен құлыптаған: полицейлер үйінде қамалып қалған бүлдіршінді құтқарды