50308
Алматыдағы қайырымдылық іс-шарадан түскен қаражат балалардың еміне жұмсалады
Алматыдағы қайырымдылық іс-шарадан түскен қаражат балалардың еміне жұмсалады

Алматыда «AMANAT» партиясы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді деп хабарлады turkystan.kz.
Іс-шараға Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, партия мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.
Қайырымдылық жәрмеңкесінде әлемнің әртүрлі елінің асханаларынан аспаздық тағамдар ұсынылды. Сондай-ақ мерекелік жәрмеңке барысында қазақ, орыс, өзбек, армян, ұйғыр, күрд ұлттарының ансамбльдері қатысқан ойын-сауық концерттік шоу-бағдарлама ұйымдастырылды.
Сонымен қатар «AMANAT» партиясы іс-шараның экологиялық тазалығына көп көңіл бөлді. Аумақта қалдықтарды бөлек жинауға арналған арнайы экоконтейнерлер орнатылды. Жәрмеңке қонақтары қоқысты дұрыс таратып, қаланың экологиялық қауіпсіздігіне үлес қоса алды.
Іс-шара соңында сатудан түскен барлық қаражатты мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаумен айналысатын «Тағдыр» мүгедек балалардың отбасылық клубына жіберілетін болады.


