Ақтөбеде бір топ бала жасөспірімді аяусыз ұрған

/
Ақтөбеде бір топ бала жасөспірімді аяусыз ұрған
ашық дереккөзі
Ақтөбеде бір топ бала жасөспірімді аяусыз ұрған Ақтөбе облысында құрдастарын себепсіз ұрып-соққан бір топ бала анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz жазуынша, 28 сәуірде әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізу барысында бір топ бала өз құрдастарын ұрып-соққан видео табылды. Полиция қызметкерлері осы ақпаратты тексеру барысында Алға қаласында Niva автокөлігімен жүріп келе жатқан бірнеше кәмелетке толмаған жасөспірім құрдастарын көшеде кездестіріп, оларды себепсіз ұрып-соққаны анықталды. Оқиғаға қатысқандар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, онда олармен және ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардың бірінің ата-анасына тиесілі көлік арнайы тұраққа қойылды.      
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары