«Елтаңбаны далаға тастаған»: Жетісу облысының соты жауапкершілікке тартылды (ВИДЕО)

/
«Елтаңбаны далаға тастаған»: Жетісу облысының соты жауапкершілікке тартылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
«Елтаңбаны далаға тастаған»: Жетісу облысының соты жауапкершілікке тартылды (ВИДЕО) Желіде Жетісу облыстық соты ғимаратының жанында Елтаңба макеті жатқан видео тарады. Осыдан кейін полиция бірден шара қолданды деп хабарлады turkystan.kz.
«Жетісу облыстық Полиция департаменті Талдықорған қаласындағы облыстық сот ғимаратының жанына тасталған Елтаңбаның макеті бейнеленген видеоны зерттеді. Жауапты тұлғалардың әрекеті әкімшілік заңнамада көзделген құқықбұзушылық деп танылғанын хабарлаймыз. Аталған факті бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 418-бабы 1-1-бөлігіне сәйкес облыстық сот әкімшілігі инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Департамент бейне авторына азаматтық ұстанымын белсенді көрсеткені және құқық қорғау органдарына осындай құқықбұзушылықтарды анықтауға көмектескені үшін алғыс білдірді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от 🇰🇿ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@zhetysu.police)

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары