Куба Ташкентте өтетін әлем чемпионатына қалай дайындалып жатыр?

Куба Ташкентте өтетін әлем чемпионатына қалай дайындалып жатыр?

Куба Ташкентте өтетін әлем чемпионатына қалай дайындалып жатыр?
ашық дереккөзі
50293
Бокстан Куба құрамасы Ташкентте өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшыларының тізімін атады деп хабарлады turkystan.kz.  Bassport.kz-тың жазуынша, «Бостандық аралының» өкілдері 13 салмақтың барлығында өнер көрсетеді. Хулио Сесар Ла Крус, Рониэль Иглесиас және Арлен Лопес секілді екі дүркін Олимпиада чемпиондары бар. Ла Крус сонымен қатар бес рет әлем біріншілігін ұтқан. Ал Иглесиас пен Лопес бір реттен топ жарған. Одан бөлек, үш дүркін әлем чемпионы Ласаро Альварес мен Сербияда топ жарған Йоэнлис Эрнандес те тізімге қосылған. Куба құрамасының толық тізімі мынадай: Алехандро Кларо (48 келі), Эрислан Ромеро (51 келі), Йосбани Вейтия (54 келі), Сайдель Орта (57 келі), Эрисландис Альварес (60 келі), Ласаро Альварес (63,5 келі), Рониэль Иглесиас (67 келі), Хорхе Куэльяр (71 келі), Йоэнлис Эрнандес (75 келі), Арлен Лопес (80 келі), Нельсон Уильямс (86 келі), Хулио Сесар Ла Крус (92 келі), Фернандо Арсола (+92 келі). Ал Токио Олимпиадасының чемпионы, 26 жастағы Энди Крус Ташкентке бара алмайды. Ол заңсыз жолмен Кубадан кетпекші болған. Сондықтан құрамадан шығарылған.

Серіктес жаңалықтары