Мемлекет басшысы қалалық сенбілікке қатысты

Мемлекет басшысы қалалық сенбілікке қатысты

Мемлекет басшысы қалалық сенбілікке қатысты
ашық дереккөзі
50296

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысып, елордадағы Желілік саябақта ағаш отырғызды, деп хабарлайды turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы сенбілік барысында волонтерлермен және студенттермен әңгімелесті.

«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан үйімізді таза ұстауымыз керек. Ағаш отырғызып, көшелерді тазалауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Бізде басқа ел жоқ. Сондықтан бәріңді жауапкершілігі мол азамат болуға шақырамын. Баршаңызға, әсіресе, еріктілерге алғыс айтамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сенбілікке қатысқандар 2 түп қарағай және 39 түп жөке көшетін екті.

 width=

Серіктес жаңалықтары