50309
Еліміздің қай өңірінде жұмыс істейтін зейнеткер көп?
Еліміздің қай өңірінде жұмыс істейтін зейнеткер көп?
Қазақстанда 65 жастан асқан, жұмыс істейтін зейнеткерлер саны 30% көбейді деп хабарлады turkystan.kz.
Экономикалық зерттеулер институтының мәліметінше, 2022 жылы жұмысбасты зейнеткердің саны 76,7 мың адамға жеткен. Зейнеткерлік жастағы кадрлардың көбі Ақмола (18,7 мың) және Қостанай (17,8 мың) облысында. Бұл – ел бойынша ресми түрде еңбекке тартылған зейнеткерлердің жалпы санының 24%-ы.
Павлодар облысында 8,2 мың зейнеткер, Солтүстік Қазақстан облысында – 8 мың, Қарағанды облысында 7,2 мың зейнеткер жұмыс істейді.
Зейнет жасындағы қызметкерлердің ең азы - Шымкент (91) пен Маңғыстау облысында (113). Ал Батыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында жұмыс істейтін зейнеткер тіркелмеді.