50427
Қазақ ғалымы егістік алқаптарын қалпына келтіретін тыңайтқыш ойлап тапты
Қазақ ғалымы егістік алқаптарын қалпына келтіретін тыңайтқыш ойлап тапты
Жас ғалым Дәулет Егембердиев тозған егістік алқаптары мен соры шыққан жерлерді қалпына келтіретін тыңайтқышты маңғыстаулықтарға таныстырды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Дәулет Егембердиев ұсынған биомелиорант тыңайтқышының құрамы өте қарапайым: жантақ, көң және фосфогипс. Қолданылатын шикізат жергілікті, қоршаған ортаға еш зияны жоқ әрі шығыны аз. Дәстүрлі әдіс бойынша қолданылатын 40 тоннаға дейінгі фосфогипс пен қиды 500 келі биомелиорант алмастыра алады.
«Тыңайтқыштардың 40-тан астам түрі бар. Кейбірі тозған егістік алқаптары мен соры шыққан жерлерді қайта қалпына келтіруге арналса, кейбірі гүлдемей тұрған ағаштарға арналған. Қатты желден гүлі ұшып кетпеуге пайдасы зор. Барлығы да – инновациялық өнімдер», - дейді ғалым.
Биомелиорант тұзданған жерді қайта қалпына келтіріп, 5 пайызға дейін құнарлылығын арттырады.