51283
Саңырауқұлақ пен жидек тергендерге салық салынады
Саңырауқұлақ пен жидек тергендерге салық салынады
Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев саңырауқұлақ пен жеміс-жидек теретіндерге салық салудың жаңа нормасына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
Министр мұндай алым түрі бұрын да болғанын жеткізді. Айтуынша, бұл талап бұрын ерекше қорғалатын аймақтарда, яғни, ұлттық парк, қорықтардың аумағында болған жағдайға қатысты болса, енді барлық жерде қолданылмақ.
«Бұрын тек ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, саябақтарда, қорықтарда жинауға тыйым салынатын. Ал қазір барлық жерде, кез келген аумақта өсіп тұрған саңырақұлақ пен жидек теруге болмайды. Бұл - біріншіден. Екіншіден, бұл салықтың сіз бен біз секілді қарапайым азаматтарға қатысы жоқ. Салықты дәрі-дәрмектер шығаратын немесе коммерциялық мақсатта жидектерді қолданатын кәсіпкерлер төлейді», - деді ол.