Астана полициясы қылмысты ашуға көмектескен оқушыны марапаттады

Астана полициясы қылмысты ашуға көмектескен оқушыны марапаттады

Астана полициясы қылмысты ашуға көмектескен оқушыны марапаттады
ашық дереккөзі
50250
Елорда полициясы әйелді тонамақшы болған қарақшыны ұстауға көмектескен оқушыны марапаттады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz.-ке сілтеме жасап. Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев шабуылдаушыны ұстау кезінде батылдық пен белсенді азаматтық ұстаным танытқан 14 жастағы баланы марапаттады. Заңға қайшы әрекеттерге куә болған №49 орта мектептің 8-сынып оқушысы Заңғар Ниязов қорықпай, сауатты және батыл әрекет етті. Елордалық полиция басшысы салтанатты түрде жасөспірімге грамота табыстады.
«Бейжай қарамай, батылдық таныту – ең жоғары бағаға лайық. Бұл сізді кез келген минутта көмекке келе алатын, жанашыр етіп тәрбиелеген сіздің ата-анаңыздың, мұғалімдеріңіздің үлкен еңбегі», – деді Марат Төлебаев.
Естеріңізге сала кетейік, 8-сынып оқушысы кешкі уақытта Кемеңгерұлы көшесінде әйелге жасалған қарақшылық шабуылға куә болған. Әйелдің көмекке шақырғанын естіген жасөспірім қорықпай оған жүгіріп барып, жағдайын сұраған, өзі сол уақытта полицияға болған оқиға туралы хабарлау үшін досына қоңырау шалған. Содан кейін бала ересектердің әйелге көмектесуі үшін өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатқан. Бірнеше минуттан кейін патрульдік полиция келген. Жасөспірім шабуылдаушының белгілерін сипаттап, полицейлерге ер адамның қай бағытқа беталғанын көрсеткен. Тәртіп сақшылары 30 жастағы ер адамды «ізін суытпай» ұстады. Астана қаласының Полиция департаменті оқиғаға бей-жай қарамаған қала тұрғынына қырағылығы, жауапкершілігі және қылмысты ашуға көмектескені үшін алғыс білдірді. Кейде полицияның қызметі азаматтардың қолдауынсыз және көмегінсіз мүмкін емес. 8-сынып оқушысының әрекеті кейде шетте қалмаудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет дәлелдеді.

Серіктес жаңалықтары