Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильмінің түсірілімінде «Төлеген» сыйлаған гүлді әлі сақтап жүр

Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильмінің түсірілімінде «Төлеген» сыйлаған гүлді әлі сақтап жүр

Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильмінің түсірілімінде «Төлеген» сыйлаған гүлді әлі сақтап жүр
ашық дереккөзі
52272
Театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешова «Ел» бағдарламасында «Қыз Жібек» фильмінің түсірілім барысы және жолдасы Құман Тастанбеков туралы естеліктерімен бөлісті деп хабарлады turkystan.kz. Актриса «Қыз Жібек» фильміне мектеп бітіргеннен кейін, 17 жасында түскен. Фильмде басты рөлді сомдаған Құман Тастанбековпен махаббаты өмірде жалғасын тауып, кейін екеуі отбасын құрды. Бір қызығы, Меруерт Өтекешова жолдасы Құман Тастанбековтің «Қыз Жібек» фильмінің түсірілімінде сыйлаған гүлін әлі күнге дейін сақтаған. «Түсірілім арасында демалыс болады ғой. Маған үлкен гүл сыйлады. Далада көп өседі ғой. Сол гүл үйде бар. Мен қалай сақтағанымды білмеймін. Үйде тұр. Гүлге ұқсамайды, бірақ ол сақталды. ...Құман өзі «Сен мынаны қалай сақтадың?» деп таңғалды. «Сені жақсы көргеннен кейін сақтадым дедім», - дейді актриса. Айта кетейік, Меруерт Өтекешова мен актер Құман Тастанбековтің Жібек, Томирис, Фараби есімді ұл-қыздары бар. Актер, халық әртісі Құман Тастанбеков 2017 жылдың желтоқсанында өмірден өткен болатын. https://www.youtube.com/watch?v=kZDDnOsEwL0&t=2331s&ab_channel=JibekJolyTV  

Серіктес жаңалықтары