Хоккейшілер неге Қазақстан азаматтығынан бас тартты? - Ілияс Испановтың пікірі

Хоккейшілер неге Қазақстан азаматтығынан бас тартты? - Ілияс Испановтың пікірі

Хоккейшілер неге Қазақстан азаматтығынан бас тартты? - Ілияс Испановтың пікірі
ашық дереккөзі
50194
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты көші-қон комитеті жуырда ғана Қазақстан азаматтығынан бас тартқан үш легионер хоккейшіге қатысты түсінік берді. Бұл туралы turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлады. «Конституцияның 10-бабына сәйкес, елімізде қос ел азаматтығын қатар алып жүруге тыйым салынады. Біздің елімізде жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу мүмкіндігі қарастырылған мамандықтар тізімі бар. Ол мамандықтардың ішінде спортшылар да бар. Бірақ олар Қазақстанда 5 жылдан артық тұрмауы тиіс. Біз кейбір жетістіктердің шетелдік кәсіби мамандардың арқасында келетінін түсінеміз. Бұндай тәжірибе әлем елдерінде бар», - деді көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов ОКҚ-де өткен брифингіде. Оның мәлімдеуінше, Қазақстан азаматтығын алған шетелдік заң талаптарына сәйкес өз елінің азаматтығынан бас тартуы тиіс. «Шетел тұрғыны біздің азаматтықты алған соң, келген еліне азаматтығынан айыру жөнінде өтініш беруі керек. Ол белгілі бір уақыт алады. Жалпы, азаматтық беру мәселесіне қатысты бақылау Ішкі істер министрлігінің құзыретінде. Қазақстан азаматтығынан бас тартқан үш хоккейшіге қатысты мән-жайды министрліктен хат арқылы жауап беруін сұраймыз», - дейді ол. Айта кетсек, осыдан бірер күн бұрын кейбір БАҚ беттерінде үш легионер хоккейшінің Қазақстан азаматтығынан бас тартқаны хабарланды. Сондай-ақ спортшылардың биыл өтетін хоккейден әлем чемпионатына Қазақстан атынан қатыса алмайтыны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары