Қадір түнін ұйықтамай өткізу керек пе? - Бас мүфти жауап берді

Қадір түнін ұйықтамай өткізу керек пе? - Бас мүфти жауап берді

Қадір түнін ұйықтамай өткізу керек пе? - Бас мүфти жауап берді
ашық дереккөзі
50585
Биыл мұсылман жұрты Қасиетті Қадір түнін 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түні күтіп жатыр. Осы орайда, "Қасиетті түнді жұрт қалай күту керек?" деген сауал туындайды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы тікелей эфирде тілшілермен тілдесіп, қасиетті Қадір түнінде не істеу керектігін айтты деп хабарлады turkystan.kz. Жұрт арасында "Қадір түні ұйықтамау керек" деген түсінік бар. Бас мүфти осы түсініктің аражігін ажыратып алу керегін айтты. «Қадір түнін ұйықтамай өткізу деген міндет емес. Шамасы келгенше құлшылық жасау керек. Ертең жұмысқа баратын адамдар болса, олар тынығып, демалып алғаны дұрыс. Басқа түндерге қарағанда бұл түні құлшылық, тілектерімізді көбейту керек. Ертең жұмыс, балаларымыз сабаққа баратын болса, демалып алғаны дұрыс болады", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы. Сонымен қатар Бас мүфти "Бұл күні Қыдыр ата келеді" деп "қамданатындарға" да кеңес берді. "Бұл күні Қыдыр ата келеді деп, есікті ашып қоятын түсінік те бар. Ол дұрыс емес. Қазір жағдай әртүрлі ғой. Бала-шаға бар. Түнгі уақыттарда қауіпсіздік үшін есік жабық тұрғаны дұрыс. Ұшақта, көлікте, мешітте болуымыз мүмкін. Қай жерде жүрсек те, тілегімізді, дұғамызды жасасақ болды. Бұл түні көп тілек тілеуіміз керек», - деді Бас мүфти.  

Серіктес жаңалықтары